Биыл 11-14 қыркүйек аралығында қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша өзара аудит өтті. Бұл 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан осындай бесінші шара. Өзара аудит «ОАЭК» АҚ Қауіпсіздік, еңбекті және экологияны қорғау Департаменті (ҚЕжЭҚД) үшін түрлі тренингтер мен презентациялар ұйымдастыруға тамаша алаң.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарында өткен аудитке «ОАЭК» АҚ-ның еншілес ұйымдарының қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлімдердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. Аудит басталар алдында ҚЕжЭҚД тренинг пен презентация өткізді.
Талдап тексеру мақсатында қатысушыларды 3 топқа бөлді: энергия өндіру және жылу энергиясын тарату бойынша; электр энергиясын тарату бойынша; экология бойынша. Өзара аудит өткізу барысында қызметкерлер «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да қолданылып жүрген үздік тәжірибелерді анықтады және солтүстікқазақстандық әріптестерімен тәжірибелерімен бөлісті.