«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-да «PROFENERGY»жобасының аясында жыл сайын ұйымдастырылатын ғылыми жұмыстар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Ғылыми жұмыстарды ақтық қорғауына Петропавл теміржол көлігі колледжінің «Электрмен қамту» мамандығы бойынша білім алып жатқан екі студенті өтті. Олар — Богдан Токарев және Мейрам Какунов.
Балалардың алдында қиын тапсырма тұрды – білікті қазылардың алдында өз білім деңгейлерін және сараптау қабілеттерін көрсету.
Богдан Токарев кернеуді бақылау, кернеу өтулерін тіркеу, 6-35 кВ желілерінде тоқ кернеуінің ұлғаюынан қорғаудың заманауи құрылғыларына арналған жұмысын таныстырды. Богдан презентация өткізуге арналған қолындағы бар құралдарды пайдаланып, тақырыпта кеңінен ашуға тырысты. Мейрам Какунов та топтасынан қалыс қалмады, ол 6-10 кВ ұяшықтарын доғал қорғау түрлі құралдардың салыстырмалы анализін ұсынды.
Баяндамашылар ақтық сында комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Ал атаулы шәкіртақыға кім ие болатынын және колледжді тәмамдаған соң жұмысқа тұруға кепілдікті кім алатынын қазылар алқасы алдағы күндері жариялайды.