2016 жылғы наурыз айында «ОАЭК» АҚ Компаниялар тобы тәуекел-менеджерлері мен аудиторларына арналған «Ішкі аудит және капиталды құрылыс» тақырыбында корпоративті семинар өтті. Семинар барысында KPMG компаниясының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда тексерулер жүргізу, капиталды құрылыс саласындағы жалпы әдістеме мен көрсеткіштер, әлсіз бақылау алып келетін мүмкін салдарлар туралы сөз болды. Тренинг барысында оған қатысушылар сметалық құн мен оны тексеру тәртібі бойынша білімдерін толықтырды.

Семинарға қатысушылардың сөзінше, тренинг контрагенттерге кешенді талдау жүргізу мен құрылыс пен жөндеу кезеңінде инвестициялық жобаларға техникалық сараптама жүргізу бойынша терең тәжірибелермен танысқан.