Энергетиктердің барлық балалары қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ата–аналарының жұмысының ажырамас бөлігі екенін біледі. Осы маңызды ойды көрнекі білдіру мүмкіндігі үшін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы Еңбекті қорғау күні аясында жыл сайын балалар суреттері мен қолдан жасалған бұйымдар конкурсын өткізеді. Биылғы жылы қатысушылар жұмыстарды дайындап, оларды конкурстық комиссияға ұсынды.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалардың алдында «Өндірістегі еңбекті қорғау» тақырыбында қолөнер немесе сурет салу міндеті тұрды. Ұйымдастырушылар ата-аналарға өздерінің балаларына байқау тақырыбын талдауға және түсіндіруге қатысуға, яғни ерекшеліктер мен маңызды сәттер туралы білімдерімен бөлісуге шақырды. ЕҚЕҚБ және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағының жүлделі орындары мен марапаттары авторлары тақырыптың мәнін басқаларға қарағанда жақсы көрсете алған, оны барынша ұқыпты және шығармашылықпен іске асыра алған жұмыстарға берілді. Сонымен қатар, байқаудың барлық қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.