«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ атаулы корпоративтік стипендиясы үшін жыл сайынғы ғылыми жұмыстар байқауы басталды. Шараны энергетиктер осымен екінші жыл ұйымдастырып отыр және кәсіби жас мамандарды дайындауға көмектесетін дәстүрлі шараға айналады деп үміттенеді.
Ғылыми жұмыстар байқауының мақсаты — дарынды, жасампаз студенттерді қолдау, ғылыми-зерттеу қызметтерге қызығушылықтарын ояту. Байқауға Павлодар облысының жылу және энергетика саласында күндізгі бөлімде оқитын жоғарғы және кәсіптік-орта білім беру орындарының үшінші курс студенттері қатыса алады.
Жеңімпаздарға «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ шәкіртақысы оқу жылының төртінші курсында төленетін болады. Тағайындалатын стипендиялар мөлшерін жыл сайын «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры анықтайды.
Қазіргі таңда компания мамандары ғылыми жұмыстар тақырыптарының тізімін жасап, Павлодар және облыстың басқа қалаларының ЖОО мен кәсіптік-орта білім беру орталықтарына жіберді. Сонымен қатар студенттік ғылыми жұмыстар жайлы ақпараттар «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» сайтында, «Әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінде орналасқан. Байқау тақырыптары өндіріс жұмыстарының ең өзекті мәселелерін қозғайды. Сонымен қатар, студенттер пайдалылық және қажеттілігін жазбаша түрде дәлелдей отыра өз тақырыптарын да ұсына алады.
Ғылыми жұмыстарды қарау процедурасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші — компания комиссиясы жұмыстарды сараптайды. Екінші — «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»-да өтетін студенттердің өз жұмыстарын қорғауы.
Байқау 1 желтоқсан 2017 жыл - 31 мамыр 2018 жыл аралығында өтеді. 15 желтоқсанға дейін оқу орындары студенттерден келіп түскен өтініштерді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның Бас директорының атына жолдауы тиіс. Компания рәсімделген ғылыми жұмыстарды электрондық нұсқасымен бірге 15 наурыз 2018 жылға дейін қабылдайды.