Мамыр айының мәресінде «ОАЭК» АҚ және компанияның еншілес кәсіпорындарының HR бөлімі қызметкерлері «Орталық Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ базасында өткізілген «HR – бизнестің стратегиялық серіктесі. Заманауи HR міндетері мен технологиясы» семинар-практикумында бас қосты.

Компания жұмысында бірыңғай бағытты қамтамасыз ету үшін Корпорацияның қаржы, өндіріс, сатып алулар және адамдарды басқару салаларында өзіндік стратегия негізінде бірегей саясаты қалыптасады.

Персонал – Компанияның маңызды ресурсы, дамуының негізгі резерві болып табылады. Әрі өндірістік кәсіпорындар үшін кадр таңдау, оны оқыту мен ынталандырудың маңызы орасан. Қызметкерлердің бірыңғай механизм сынды жұмысы нәтижеге жетуге бағытталып, Компанияның нарық жағдайындағы жетістіктерінің кепілі болып табылады.

Қызметкерлерді басқару мамандарын өндірістік міндеттерді орындау жолында прогрессивті технологияларға, тиімді тәжірибелік әдістерге үйрету – басым бағыттардың бірі.

Компанияда қызметкерлерді басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру – HR бөлімшелерінің негізгі міндеті. Міне, осы орайда HR саласының заманауи тәжірибелерін меңгеріп, тәжірибе алмасу үшін «ОАЭК» АҚ, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «АРЭК» АҚ, «АСТАНАЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС қызметкерлерді басқару қызметінің өкілдері Холдингтің бас кеңсесінде жиналды. Шараға Компанияның Алматы, Астана, Павлодар және Петропавл қалаларынан 27 қызметкер қатысты.

«Корпоративті оқытуды өткізудің мақсаты – HR саласы жетекшілері мен қызметкерлерін бірыңғай ақпараттық жүйеге түсіріп, Холдингтің қызметкерлерді басқару саласында алға қойған міндеттерін кәсіби деңгейде орындау болып табылады, – дейді «ОАЭК» АҚ қызметкерлерді басқару Департаментінің директоры Наталья Константинова. – Оқыту шараларын жүргізетін ұйым мен тренерді таңдауда ең білікті де тәжірибелі мамандарды тарту мақсаты көзделді. Тренердің Холдинг үшін маңызды айлық жалақы мен еңбекті ұйымдастыру салаларында білім-білігі мол болуын назарда ұстадық. Тренинг өз сенімімді ақтады. Нәтижесінде біздің қызметкерлер HR саласындағы білімін жаңа заман теорияларымен толықтырды, алған білімдерін тәжірибелік ойындарда сынап көрді, кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерін шыңдады. Барлық топ мүшелері шараға белсенді қатысып, оқу соңында барлық команданың ұйымшылдығы айқын көрінді. Біз бәріміз бірге жұмыстың бірыңғай бағытын айқындап, маңызды сұрақтардың шешімін таптық, алдағы күнге жоспарларымызды бекітіп алдық. Жұмыс барысынан тыс кездесу аясында қызметкерлер бір-бірін жақсы да жақынырақ танып, ортақ мақсатқа жұмыла білді».

Аптаға созылған оқу шаралары 2 блокқа бөлінді: сыртқы (тренер шақыру арқылы) және ішкі (Компанияның HR департаменті мен еншілес кәсіпорындардың HR басқармаларының күшімен).

Санкт-Петербург қаласынан келген тренер Ирина Кузютина «Personnel Training Group» бас дирекоры, ұйымдастыру кеңесшісі, Moscow Business School және «ФИНКОНТ» оқу орталығының оқытушысы болып табылады. Ол шараға қатысушыларға кәсіпорын жұмысындағы кадр басқару қызметінің ролі, басқару жүйесінің тиімді жүйесін қалыптастыру тетіктері, нәтижеге жетудің тиімді жолдары, сондай-ақ, заманауи HR жайында жақсы әңгіме өрбітті. Иринаның семинар-тренинг һткізуден тәжірибесі өте мол. Ол мыңнан астам компанияға тренинг өткізсе, олардың қатарында қазақстандық «AES Усть-Каменогорская ТЭЦ» АҚ, «Шыгысэнерготрейд» ЖШС, «Восточно-Казахстанская региональная энергетическая компания» АҚ, «АЭС Усть-Каменогорская ГЭС» АҚ, «АЭС Шульбинская ГЭС» АҚ, «Усть-Каменогорские тепловые сети» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Сбербанк» АҚ еншілес банкі сынды компаниялар бар.

Ішкі корпоративтік оқуды ұйымдастыру барысында қатысушылар өздері дайындаған баяндамаларын көп назарына ұсынды. Олар қозғаған тақырыптар қатарында «Еңбекті төлеудің тарифтік жүйесі», «Өндірістік қызметкерлердің жұмыс уақытынан тыс еңбегін реттеу», «Кадр аудиті», «Қиын профессиялар» және өзге де көптеген тақырыптар болды.
 
HR қызметі өкілдері семинар тек қана танымдық деңгейде ғана емес, сондай-ақ қызықты да өтті деген ойларымен бөлісті. «Қызметтік ойын» форматында өткен оқу шарасы қатысушыларға жинаған білімдерін тәжірибеде сынап көруге мүмкіндік берді. Әріптестерімен әңгімелесіп, топқа бөлініп жұмыс жасау ұжымның үйымшылдығына оң әсер етіп, қызметкерлердің корпоративті рухын көтерді.

Соңғы оқу күні семинар қатысушыларын мәдени бағдарламамен қуантты. Барлық жиналғандар Оңтүстік астананың көрікті жерлеріне саяхат жасады.

«ОАЭК» АҚ қоғаммен байланыс департаменті