"Ақмола ЭҮК" АҚ ("Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ еншілес компаниясы) Директорлар кеңесінің шешімімен "Ақмола ЭҮК" АҚ бас директоры қызметіне 2015 жылғы 5 қаңтардан бастап Мұқан Махамбетұлы Зулеев сайланды.
Аталмыш тағайындау компанияның басқарушы құрылымына өзгерістер енгізді, өйткені коллегиялық атқарушы орган жеке басқарушы органға ауыстырылды. Осылайша, 2015 жылғы 5 қаңтардан бастап Басқарма мүшелерінің құзіреті тоқтатылды.
Бұған дейін "Ақмола ЭҮК" АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарған Жанна Хайруллақызы Гислер бас директордың стратегиялық даму және инвестициялық жоспарлау бойынша бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.