«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО иелігіндегі қуат жазғы мезгілде 30 МВт-қа артады. Бұл жаңа градирняны қолданысқа беру арқасында мүмкін болмақ. 29 шілде күні ол бірінші сынақ ретінде іске қосылса, дәл сол күні градирня толықтай жұмысын бастады.
Бесінші градирня құрылысы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында жүргізілді. Жобаның бірінші кезеңі іргетас пен градирняның негізін қалауды қамтыды.
Градирня түбінің аумағы 1 600 м2 құраса, оның қалыңдығы – 700 мм. Жаңа градирняның биіктігі – 64 метр.
Жобаның жалпы құны – 1 млрд 100 млн теңге, қаржыландыру көзі – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ өзіндік қаражаты.
№5 градирняда қолданылатын суды салқындату технологиясы заманауи сызбаларға, сондай-ақ, экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келеді.
Градирня қондырғысын пайдалану мерзімі – 15 жылдан кем емес.
Градирня – айналымдағы үлкен көлемдегі суды салқындатуға арналған қондырғы. ЖЭО жылу алмастырушы аппараттарын салқындату үшін айналымдық сумен қамту жүйелерінде қолданылады.