«Астанаэнергосбыт» ЖШС Контакт-орталығының операторлары күн сайын үш мыңнан жеті мыңға дейін қоңырау қаыблдайды, ал анықтама қызметінің мамандары күніне Компания тұтынушыларының энергоқамтуға қатысты орташа есеппен 400-дей қоңырауына жауап береді.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында орталық қызметкерлері 50 мыңнан астам телефон қоңырауын қабылдаған. Көп ретте тұтынушылар телефон арқылы есеп құралының көрсеткішін хабарлайды. Бұл – күн сайын қабылданатын қоңыраудың 70%-ына жуығын құрайды. Контакт-орталығының үздіксіз қызметін заманауи бағдарламалық-аппараттық кешен қамтамасыз етеді, ол 30 қоңырауға қатар қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Телефон арқылы есеп құралының көрсеткішін хабарлайтын тұтынушылар саны жыл санап артып келеді. Мәселен, 2013 жылы орталық мамандары 295 046 қоңырау қабылдаған болса, 2014 жылдың үлесінде – 596 679 қоңырау бар.