«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» Ардагерлер Кеңесінің қатысушылары Павлодар қаласының ардагерлер ұйымының 35 жылдық мерейтойына арналған көру-байқауының жеңімпаздар қатарына енді. «Валенки» әні мен «Веселый горошек» биі «Көркем өнерпаздық» номинациясы бойынша үшінші орынға ие болды. Ардагерлеріміздің шығармашылық жұмыстарынан көрме байқауда екінші орынға ие болды. Ал Лилия Осиповна Бровикова нағыз өнер туындысы деп атауға тұрарлық бұйымдары үшін арнайы дипломмен марапатталды.
«Бірінші кезеңде бізде 70 қатысушы болды, оның ішінен 22-н бүгінгі байқауға іріктеп алдық, — дейді Алла Акимова, Павлодардың Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы. — Жеңімпаздар 6 қазанда өтетін гала-концертке қатысады және соның қорытындысы бойынша аудандық байқауға баратын коллективтер анықталады».
— Бұл шараға әкелген екі номерімізді мұқият таңдадық және дайындадық, — дейді Нина Мироненко, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның Ардагерлер Кеңесінің төрағасы. — Бұршақ костюмдерді көргеннен кейін би билеу идеясы келді. Былтыр Екібастұз ЖЭО мерейтойын тойлау кезінде қатысушылардың осындай костюммен билегендері ұнады. Дәл осындай костюм тігіп, сондай би номерін жасауды шештік. Заманауи көңілді әндерден поппури жасап, әдемі би қойдық. Екінші номерге ән таңдауда біраз қиналдық. Ұзақ уақыт бойы көңілімізге жақын әнді таба алмай жүрдік. Ертіс өзені бойымен теплоходта серуендеп келе жатып «Валенки» әнін естіп қалдық. Және сол жерде-ақ осы әнді айтатынымызды шештік. Ән сөздерін бәрі біледі, ал киімдерімізді қыстың басты элементі – пимамен толықтырдық.
Ардагерлеріміздің өнерінің күші тек ән айтып, би билеуде ғана емес. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» ардагерлерінің жұмыстарынан құралған көрме Павлодардың басқа ұйымдарының ардагерлері ұсынған көрменің ішінде үздіктердің қатарында болды.