2014 жылдың 10 қарашасы күні «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ ҚР Энергетика министрлігімен жалпы сомасы 9 471 665 мың теңгені құрайтын Павлодар 3-ЖЭО, 2-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО-н жаңғыртуға бағытталған шараларды жүргізу туралы келісімге қол қойды.
Мұның бәрі станцияның белгіленген қуатын 15 МВт-қа арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, 3-ЖЭО №2 бу турбинасында жұмыстар жалғасып жатыр, оны іске қосу 2015 жылға жоспарланған. Ол белгіленген электр қуатын тағы 5 МВт-қа арттыруға мүмкіндік бермек. 3-ЖЭО-нда жаңа күл аулағыштың құрылысы аяқталып, ол ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ауқымды жұмыс Екібастұз ЖЭО мен 2-ЖЭО-ның күл аулағыштарының екінші кезеңінде атқарылды. 3-ЖЭО №5 градирнасының құрылысы басталды, бұл жазғы мезгілде 3-ЖЭО белгіленген электр қуатын 35 МВт-қа арттыруға мүмкіндік тудырады.
Кәсіпорын бұл жетістіктерімен тоқтап қалмай, 2015 жылы инвестициялық жобаларын тағы 1 млрд теңгеге арттыру жауапкершілігін мойнына алғалы отыр. Салыстырып қарар болсақ, 2014 жылы жобалардың жалпы құны 9 471, 665 млн теңге болған еді.
Аталған қаражатты мына бағыттарда игеру жоспарланып отыр:
- Жаңа құрылыс;
- Негізгі және көмекші жабдықтарды жаңғырту және қайта құру;
- Станция жабдықтарының парктік ресурсын қайта қалпына келтіру;
- Павлодар 3-ЖЭО, 2-ЖЭО және Екібастұз ЖЭО табиғатты қорғау шаралары.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі