1 ақпан күні Қазақстанның жоғары қысымды қондырғылары бар алғашқы электр станцияларының бірі – Павлодар 2-ЖЭО 55 жылдық мерейтойын тойлайды.
Павлодар 2-ЖЭО-нда алғашқы агрегат 1961 жылдың 1 ақпанында іске қосылды. Бұл қала өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі болды. 1963 жылдың мамырында №3 турбоагрегат және №3 пен №4 қазандық агрегат іске қосылып, Павлодар 2-ЖЭО жаңа жобалық қуат – 100 МВт пен 308 Гкал/сағатты бағындырды.
Айта кету керек, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобында осы жылы тағы екі мерейтой күтілеуде: «Павлодар жылу желілері» ЖШС 45 жылдығы (1 қазан) және Екібастұз ЖЭО іске қосылғанына – 60 жыл (4 желтоқсан).