Жылу беру маусымы Павлодар облысында штаттық режимде, жабдықтар мен апаттық жағдайлардың жұмысында өрескел бұзылуынсыз өтті. Көптеген тұтынушының дайындық актілерінің болмауы «Павлодар жылу желілері» ЖШС-на біршама мәселе тудырды.
Павлодарда жылу беру маусымы 18 қыркүйек 2017 жылы басталып, 23 сәуір 2018 жылы аяқталды. Екібастұзда жылумен қамту 25 қыркүйекте басталған. Кеншілер қаласының жылуын 24 сәуірден бастап ажырата басталы, ал әлеуметтік нысандар мен жеке меншік тұрғын үйлердің иелері 1 мамырға дейін жылумен қамтылды.
«Жылумен қамту температуралық кестеге сай болды, сыртқы ауаның орташа температурасына сай. Алайда жылу беру маусымы бойы тұрғындардан пәтерлерде қызу жетіспеушілігі жайлы шағым көп түсті. Маусым бойы Павлодар бойынша 1389 шағым түсті, олардың 202-сі расталды. Екібастұзда бұдан екі есе аз шағым түсті, олардың 10-ы ғана расталды» - дейді Сергей Дузь, «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженерінің орынбасары.
Жылыту маусымы бастала салысымен сыртқы ауа температурасы күрт төмендеген кезеңдерде жедел қызмет көрсету үшін және бүлінген жылу желілерін тез арада қалпына келтіру үшін диспетчерлік қызмет пен төтенше-қалыпқа келтіру бригада қызметкерлерінің тәулік бойы жұмыс істеуі қолға алынды. Павлодар бойынша жылу желілеріндегі бүлінулер саны — 254, Екібастұз бойынша — 869.
Көптеген тұтынушылардың дайындық актісінің болмауы мәселе тудырды. Павлодарда 1302 тұрғын үйдің ішінде 523-інде, 3791 жеке меншік тұрғын үйлердің 395-де ғана актілер болды.