Бүгін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында Павлодарда энергетик студенттерге арналған жаңа 200 орындық жатақхананың салтанатты ашылуы өтті. Павлодар монтаж колледжіне мұндай сыйлықты «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ-ы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еншілес компаниясының қолдауымен Павлодар облысы әкімдігі мен «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ арасындағы келесілген әлеуметтік жобаларды бірігіп атқару меморандумын жүзеге асыру шеңберінде тарту етіп отыр.
Ашылуда меморандумға қол қойған тараптардың өкілдері — Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» өндіріс бойынша вице-президенті Дүйсенбай Тұрғанов қатысты.
«Республикамыздың Тәуелсіздік күніне бұл тамаша сыйлық, — деді Болат Бақауов. —Осындай жобаларды жүзеге асырудың арқасында талапкер жастар үшін біздің өңірде тамаша жағдайлар жасалып жатқандығына қазіргі студенттердің әрқайсы көз жеткізе алады. Бастысы — даму, білім алу, сонда сен талапқа сай маман бола аласың».
Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласына көзделген меморандумға 2016 жылы қол қойылған болатын және 2018 жылды қоса алғандағы мерзімге дейін есептелген. Студенттік жатақхана тұрғызу құжатты жүзеге асырудың алғашқы әрі елеулі қадамы болды. Нөлден көтерілген ғимарат бүгінде алғашқы тұрғындарды қабылдауға дайын. Сапалы жөндеу жұмыстары мен сенімді жиһаз, бөлек санитарлық торабы бар екі және үш бөлмелі бөлмелер, әр қабатта барлық тұрмыстық техникамен қамтылған кір жуатын және ас бөлмелері; жаттығу және би залдары бар. Барлық осы жағдайлар студенттердің тұрмысын барынша жайлы етпек. Жатақхана 200 орынға есептелген. «Дәнекерлеу ісі» (электргаздәнекерлеу) және «энергоқамту» мамандықтары бойынша оқитындарға жатақханадан бөлмелер бірінші кезекте беріледі.
«Республиканың тәуелсіздік күнін және өзіміздің кәсіби мерекеміз Энергетиктер к.нін біз биыл жаңа студенттік жатақхана ашумен атап өтіп жатырмыз, — деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ бас директоры Олег Перфилов. — Болашақ энергетиктерге бұл тартуымыз өңіріміздің жас мамандарын дайындауда сенімді демеу болады».
Меморандум аясында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да тағы екі ірі әлеуметтік жоба жоспарланған: «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»компаниялар тобының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысы және Усольский шағын ауданында бассейн құрылысына қатысу.
Меморандумды жүзеге асыру «ПАВЛОДАРЭНЕРГО»АҚ-ның Павлодар өңірінің дамуына назар аударатын әлеуметтік жауапты компания екенін растайды.