«Павлодар жылу желілері» ЖШС (ПЖЖ) мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жылу энергиясын беру және тарату тарифтерінің өсуінен алынатын қаражатты мақсатты пайдалану туралы жұртшылықты хабардар етті.
|
Жылу энергиясын тасымалдау және тарату жүйесінің сенімділігі мен энергиялық тиімділігін арттыру үшін Павлодарда қандай шаралар қабылданып жатқанын журналистер өз көзімен көруге мүмкіндік алды. Осы міндеттерді шешу үшін жыл сайын «Павлодар жылу желілері» ЖШС-де инвестициялық бағдарламалар әзірленіп, орындалады. Мысалы 2015 жылы Павлодар қаласының Торайғыров көшесі бойынша ұзындығы 270 м және диаметрі - 530 мм ТК-15-тен ТК-18-ге дейінгі жылу магистралін қайта жаңарту жүргізілді. Сондай-ақ, Толстой көшесі бойынша ұзындығы 328,5 м және Орталық стадион ауданындағы ұзындығы 375,7 м кварталдық жылу желісі жаңартылады. Құбыр жолдарды ауыстыру құбырлардың диаметрі ұлғайтылып және пенополиуретан оқшауындағы құбырлар қолданылып жүргізілді.
«ПЖЖ» ЖШС-де жоғарыда айтылып кеткен, сыртқы қабығы тығыз полиэтилен, пенополиуретанмен оқшауланған, зауыт жағдайларында жасалған конструкцияларды қолданумен жылу желілерін кабельсіз төсеудің жерасты тәсілі табысты қолданылуда. Ұсынылатын конструкцияның сырт көлемі өтпейтін кабельдердің сырт көлемінен едәуір кішірек, сондықтан оларға құбырларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл жаңа құбыр жолдарды төсеуді және қолданылып жүрген коммуникациялармен қиылысуын жеңілдетеді.
Зауыт жағдайларында алдын ала оқшауланған құбырларды қолданумен төсеудің кабельсіз тәсілінің өзге де маңызды артықшылықтары бар. Атап айтқанда, құбырлардың жылы оқшауына бақылау жүйесінің арнайы сымдары енгізілген, олардың көмегімен жылу өткізгіш құбырлардың жай-күйін ұдайы тексеру жүргізіліп отырады.
«Сенімділігін едәуір арттырудың және жылу мен жылу тасығыштың шығынын азайтудың арқасында кабельдердегі дәстүрлі жылу құбырларын пайдалануға шығатын шығынға қарағанда, зауыт жағдайларында алдын ала оқшауланған құбырларды қолданумен жылу құбырларын пайдалануға және жөндеуге шығатын шығын бірнеше есе төмен, - деп түсіндірді Марат Иманаев, «Павлодар жылу желілері» ЖШС Бас директоры. - Полиэтилен қабықшалардағы жылу құбырларының сенімділігі көрсеткіштеріне қойылатын жоғары талаптар пайдалану барысында олардың зақымданғыштығының деңгейінің төмен екенін де көрсетеді».
Құбыр жолдарды қайта жаңартудан басқа, кәсіпорында тұтынушылардың жылу тораптарынан деректерді жинау және берудің 200 құрылғысын (ДЖБҚ) орнату енгізілгелі отыр. ДЖБҚ-ның функциясы көрсеткіштерді қашықтықтан алу мүмкіншілігі болып табылады, бұл санауышты пайдалануды және ақпаратты жинауды едәуір жеңілдетеді.Осының арқасында тұтынушыға цифрлық деректерді ұдайы бақылап отырудың керегі болмайды, олар арзан және ыңғайлы диспетчерлеу технологиясының көмегімен санауыштан беріледі. Деректерді берудің мұндай жүйесі ағымдағы көрсеткіштерді кез-келген уақытта алуға мүмкіндік береді. Жылу санауыштардың деректері диспетчерлік қызметтің серверіне тапсырылған интервалмен түсіп отырады. Бүгінгі күні тұтынушылардың жылу энергиясын есептеудің 143 торабынан, екі орталық жылу пунктінен және 3-ЖЭО-дан жылу санауыштардың деректерін диспетчерлік қызметтің серверіне беру жүзеге асырылуда. 2015 жыл ішінде есептеу құралдарының көрсеткіштерін дистанциялық берудің мүмкіндігімен тағы да 100 көппәтерлі үй қамтамасыз етіледі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ
қоғаммен байланыс бөлімі