«Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ (ОАЭК) өкілдері қазақстандық делегация құрамында 2015 жылғы 14-15 мамырда Тбилиси қаласында өткен Еуропа қайта құру және даму банкі Директорлар кеңесінің жыл сайынғы отырысы мен бизнес-форумына қатысты.
Бұл – ЕҚДБ Кавказда өткізген алғашқы отырысы. Грузия – аймақтағы үздік реформатор ел, ол Дүниежүзілік банктің Doing Business Survey есебі бойынша, 189 ел арасында 15-орында. ЕҚДБ шараларына банкке мүше 66 ел мен 4 мыңға жуық бизнес-орта, еуропалық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
2014 жыл қорытындысын шығаруға арналған жиын мен форум аясында қазақстандық делегация өз серіктестеріне республиканың инвестициялық тартымдылығы мен жүзеге асырылған жобаларын паш ететін көрме павильонын ұйымдастырды.
ЕҚДБ президенті Сума Чакрабарти қазақстандық бизнес-климатқа жоғары баға берді: «Қазақстанның инновациялық климатының дамуына 10 балдық шкала бойынша қандай баға берер едім? 10-ның 10-ы. Бірақ, бұл сұрақты маған бір жыл бұрын қойсаңыз, мен орташа балл берер едім». Чакрабарти мырза соңғы жылдары елде бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын атап өтті. «Тарих тұрғысынан қарағанда, өте қысқа кезеңде Қазақстан үкіметі елде қолайлы бизнес-климат үшін жағдайлар тудыру жолында көп жұмыс атқарды. Инвестицияға ашық Қазақстан шетелден үлкен көлемде қаржы ағымын тартуда, ал реформаны жүзеге асырғаннан кейін бұдан да көп көлемде қаражат тартатын болады. Мен көптеген жобаларды қаржыландырар едім. Бірақ, меніңше, Алматыдағы сақина жолдарының құрылысы асқан қызығушылық тудыратын сияқты. Одан бөлек, Қазақстан энергетикалық қауіпсіздік мәселелеріне зор көңіл бөледі. Аймақта Сіздер экономиканың осы перспективалық секторын дамытуда алдыңғы қатардасыздар», – деп атап өтті ЕҚДБ президенті. (http://24.kz/ru/novosti2/politika/item/64768-prezident-ebrr-ob-investklimate-v-rk)
Айта кету керек, ЕҚДБ 2009 жылдан бері «ОАЭК» АҚ акционері болып табылады және компанияның энергетикалық нысандарын жаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысады.