«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобының инвестициялық бағдарламалар нысандарына баспасөз-туры болып өтті. Энергетиктер 2017 жылдың елеулі инвестициялық жобаларының іске асуы жайлы БАҚ-қа және Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу Комитеті Департаментіне (ТМРКД) айтып берді.
Баспасөз-турының барысындағы бірінші сапар Павлодар 3-ЖЭО-на жасалды. Ол Қазақстандағы ең заманауи болып саналады: 2009 жылдан бері оның өндірістік құрылғылары 70,4 %-ға жаңартылды. Станцияда тілшілер мен ТМРКД өкілдері инвестициялық бағдарламаның нәтижелерімен, сонымен қатар жүзеге асып жатқан жобалардың ағымдағы жұмысымен танысты. Оның қатарында — №6 турбинаны қайта қалпына келтіру жұмыстары. Бұл турбоагрегатты іске қосқанда 2018 жылы 3-ЖЭО-ның орнатылған электр қуаты 15 МВт-ға ұлғайып, 555 МВт-ны құрайтын болады.
Баспасөз-туры барысында БАҚ пен мемлекеттік органдардың өкілдері Павлодар 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-дағы 2013 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан күл үйіндісінің құрылысымен танысты. Құрылыс кезінде ложа мен бөгеттерді қорғауға арналған жылыстауға қарсы экран технологиясы пайдаланылды — бұл канадалық геомембрана механикалық бүлінулерге және температураның ауытқуына төтеп береді. Инвестициялық бағдарлама аясында 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-ға ортақ күл үйіндісін салу жоспарда бар.
«ПЭТК» АҚ-ның «Промышленная» 220/110 кВ (ПС) подстанциясында жүргізіліп жатқан жұмыстар да баспасөз-турының назарында болды. Онда 220 кВ-ға ашық тарату құрылғысы, 110-220 кВ жаңа ұяшықтар, 110 кВ-ға ұяшықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл подстанция Қазақстанның бірыңғай энергожүйесімен (ҚБЭ) байланыс орнатуға қатысады. Бұл жұмыстарды орындау үшін 3 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталды.
2017 жылы «ПЭТК» АҚ «Промышленная» подстанциясында толық көлемде құрылыс-жөндеу жұмыстарын және іске қосу мен жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлауда.
Биылғы инвестициялық жобаларға Ақсу ауданының тұтынушыларын электрмен қамтитын 35 кВ Т-38 «Ермак-Строительная — Қалқаман» әуе желілерін қайта қалпына келтіру кіреді.
Сонымен қатар баспасөз-туры аясында тілшілер 110 кВ «Отпайка ПС „Южная“ — НС-1» әуе желілерін қайта қалпына келтіру жобаларымен және де осы желілерге параллель орналасқан жаңа желілердің құрылысымен танысты.
Жылу желілерін қайта қалпына келтіру жобалары жайлы «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас директорының орынбасары Сергей Панихин баяндады. Делегация өкілдері № 22 жылу торабындағы және №37А жылу торабындағы жылу оқшаулауды айырбастау жобаларымен танысты.