«Екібастұз жылу желілері» өндіріс кешені жыл басынан қала жылу тораптарын жаңарту мен қайта қалпына келтіру жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.
2016–2020 жылдардың инвестициялық бағдарласының аясында амортизациялық аударымдардың есебінен кәсіпорын биыл № 1 торабында жылуды оқшаулауды қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жұмыстардың жалпы сомасы 78,1 млн теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асыру барысында пенополиуретан қаптамалар мен жемірілуден қорғайтын жаңа материалдар пайдаланылады.
Бұдан өзге, «ЕЖТ» аумағы 385 м2 №3 сорғы станциясында шатырды қайта қалпына келтіруді (жұмсақ шатырды қатты қос еңісті шатырға айырбастау) және жылу желісін Чалбышев көшесіндегі 8К жылу камерасынан Безымянный көшесіндегі тұрғын үйлерге дейін қайта қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта жылу беру қызметкерлері ұзындығы 155,5 метр желіні қайта қалпына келтірудің екінші деңгейіне кірісті. Мұнда да пенополиуретан қаптамалармен оқшаулау қолданылған, нәтижесінде бұрындары гидравликалық ауытқушылық пен әлсіз жылуға шағымданған 36 тұтынушы қайта қосылады. Осы аймақты қайта қалпына келтіру гидравликалық режим параметрлерін жақсарту, жылу шығынын азайту және жалпы — тұтынушыларға жылу беруді сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Еуропа қайта құру мен Даму Банкінің қаржыландыру жобасы мен «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының көмекқаржыларының аясында Екібастұзда №9 жылу торабын қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. 2016 жылы жылу торабының құрылысына қажетті материалдар сатып алынған. Жұмысты 2017 жылдың мамыр айында бастау белгіленген. Соңғы бес жылда бұл аймақта 36 бүліну тіркелген. Жылу жүйесінің тозу деңгейі — 100%.
«Екібастұз жылу жүйелерінің» тағы бір ірі жобасы — №7 жылу торабын қайта қалпына келтіру. Бұл аймақтағы жұмыс аяқталуға жақын. Торапқа екі тік П-тәрізді компенсатор орнатылған, бұл қосымша гидравликалық тойтарыс береді. Оларды түзеткен кезде гидравликалық тойтарыс түседі, гидравликалық режим және жылу тасымалдау параметрлері жақсарады. Бұл жұмыстың сүбелі қорытындысы жаңа нысандарды қосу мүмкіндігі.
Аталмыш бағдарламада тоқсандық жылу желілерін жеке территориялардан шығару ерекше орын алады. Бұл желілердің техникалық жағдайы көңіл көншітпейді, қызмет көрсету мерзімі аяқталған, сондықтан қайта қалпына келтіру жұмысы бұрыннан жоспарланып келген. Алайда желілерді көру, толыққанды жөндеу жұмыстарын жүргізу, реттеуіш шараларын жүргізу, сонымен қатар апаттық жағдайларда тұтынушыларды шұғыл жылудан ажырату сұрақтары мәселені қиындатып тұр.
Қайта қалпына келтіру жылу жүйелерін қамтамасыз ету шығынын азайтуға, тұтынушыларды жылумен қамту сапасын арттыруға, жылу тасымалдауды реттеу мен пайдалану үшін жылу жүйелерінің құрылғыларына кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жақын болашақта Екібастұздағы блок жылу пуктерінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру аяқталады. Жеткізушілер нарығы мен жұмыс өндірушілерді зертелеу жүргізіліп жатыр. Блок жылу пунктерінің құрылысы жылу желілерінің сенімділігін арттырады, құбыр желілерінің қызмет мерзімін арттыруға, жылу шығынын азайтуға, жылумен қамту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.