2016 жылы 22 маусымда «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» компаниялар тобы нысандарын аралау кезінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов кәсіпорын нысандарында инвестициялық бағдарламаның жүзеге асу барысымен танысты.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары №10 жылу магистралі қайта құрылып жатқан Суворов көшесінде болып, сондай-ақ, инвестициялық бағдарлама жобаларымен танысу үшін Павлодар 3-ЖЭО және 2-ЖЭО-нда да болды. Сапар барысында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ Бас директоры Олег Перфилов ең маңызды шаралардың бірі – Павлодар 3-ЖЭО №6 турбоагрегатын қайта құру жұмысы екенін атап өтті. Биыл жылу желілерінің сыртқы құбырларын қайта құруды және жерүсті шаруашылықтың құрылыс бөлігін қамтитын жұмыстардың бірінші кезеңі жүзеге асырылмақ.