2016 жылдың 5 қазанында Петропавлда өткен «Kyzylzhar Invest 2016» халықаралық инвестициялық форум аясында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі мен Орта-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорация АҚ («ОАЭК» АҚ) арасында өзара түсіністік пен серіктестік жайлы меморандумға қол қойылды.
Қол қойылған құжаттарға сәйкес, екі жақ «ОАЭК» АҚ жылу электр орталығының қазан және турбина агрегаттарын қайта қалпына келтіру іс-шаралары және қолданыстағы энергетика көздерін кеңейту жобаларын іске асыру кезінде бірігіп жұмыс істеуді көздейді.
Серіктестік іс-шаралары қатарында заманауи энергетикалық нарық талаптарына сай энергетикалық кешенде, өнеркәсіптік өндіріс саласында қазақстандық өнімнің өсімі мен мөлшерін көбейтуге, дамытуға үлес қосуға ерекше мән беріледі.
Солтүстік Қазақстан әкімшілігі мен «ОАЭК» АҚ жаңа тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, инновациялық технологияларды жасау мен енгізу, сонымен қатар электр және жылу энергиясын тасымалдау кезінде шығынды азайту, жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етудегі сенімділікті арттыру барысында бірлесіп әрекет етеді.