29–30 қыркүйек 2017 жылы Астанада кәсіпорындардың жұмысының тиімділігін арттыруға, құнтты өндіріс принциптерін енгізу арқылы еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған тренинг өтті. Оқуға «ОАЭК» АҚ еншілес компанияларының басшылары қатысты.
Шараның бизнес-тренері болып құнтты өндіріс саласының сарапшысы, «Кросс-индустриалдық өндірістік жүйелер» компаниясының бас директоры, ресейлік өндірістік корпорацияларда қызметкерлерді басқару бойынша 12 жылдық тәжірибесі бар Филипп Мурашов тағайындалды.
Тренинг барысында қатысушылар құнтты өндіріс концепцияларымен танысты. Шынайы мысалдарға негізделген кейстерді талдау барысында топ-менеджерлер құнтты өндіріс құралдарын «ОАЭК» АҚ еншілес компанияларының өндірістік алаңдарында процесстерді жақсарту үшін қолдану мүмкіндіктерін талқылады.