«Силовые машины-Тошиба. Высоковольтные трансформаторы» ЖШҚ («Силовые машины» және Toshiba ААҚ БК) Павлодар 3-ЖЭО шағын станциясын қайта құру және жаңғырту жұмыстарына екі трансформатор жеткізеді.
Жабдыққа тапсырыс беруші – «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ («Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-на кіреді) болып табылады. БК келісімшарт талаптарына сәйкес, әрқайсысының қуаттылығы 80МВА, кернеуі 110кВ болатын екі трансформатордың жобалау, әзірлеу дәне жеткізу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, БК жабдыққа шеф-монтаж жасап, тапсырыс беруші тараптың қызметкерлерін оқытады.
Жабдықты жеткізу мерзімі – 2015 жылдың үшінші ширегі. Бұл – біріккен кәсіпорынның ТМД энергетикалық нарығындағы бірінші тапсырысы.