2016 жылы «Петропавл жылу желілері» ЖШС күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 12,7 км жылу желісін ауыстыруды жоспарлап отыр.
Жылу беру маусымына дайындық аясында «Петропавл жылу желілері» ЖШС Петропавл жылумен қамту жүйесін дамытуға 2,9 млрд теңге жұмсамақ. Оның 346,320 млн теңгесі инвестициялық (тарифтік) бағдарлама аясында болса, 343,170 млн теңге – жөндеу қорының қаражаты, 2,2 млрд теңге – Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің қарызы мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бюджеттік субсидиясы болып табылады.
«қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының жылдық жоспары 60%-дан астам орындалды. Желілерді қайта құрудан бөлек, құбыр желілерінің жалаңаштанған учаскелерінің қаптамасын қалпына келтіру шаралары да атқарылуда. Барлығы 4,8 км желінің жылу қаптамасы қалпына келтірілсе, қазіргі таңда 4,104 км желіде жұмыс аяқталды (жылдық жоспардың 85,5%-ы). Сондай-ақ, 2016 жылға үш жылу тіректерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған», - деп атап өтті «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директоры Игорь Рыбас.