2017 жылдың қарашасынан «ОАЭК» АҚ-ның Павлодар, Петропавл және Ақмола облысындағы электржелістік еншілес ұйымдарында тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға «ТЕЗИС» ТҚП АБЖ — электр желілеріне технологиялық қосылу процесін Автоматтандырылған Басқару Жүйесі енгізілді. Жүйе тұтынушыларды электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды рәсімдеу процесінің ашықтығын көтеруге бағытталған.
«ТЕЗИС» ТҚП АБЖ-ны іске қосқаннан кейін тұтынушылар өтінішті рәсімдеуден бастап, құжаттарды алғанға дейінгі оның ыңғайлығын анық байқайды. Жүйенің басты артықшылығы құжаттардың қай кезеңде екенін және процесске қатысушылардың қайсында екенін анықтауға мүмкіндік беретін аралық бақылау. Тұтынушы техникалық шарттарды және әрі қарайғы техникалық құжаттамаларды рәсімдеуге өтініш қабылдайтын кез келген жақын жердегі орталыққа жүгінгеннен кейін процесске қатысушылар техникалық құжатты талапқа сай келетін құрыдымдық бөлімшелерге өздері жібереді.
Жүйені іске қосу кәсіпорындардың оперативті қызметіне тиімді қолдау көрсетеді, техникалық шарттарды беру процесстерінде есепке алу мен бақылауды ұйымдастырады, жобалық-есептік құжаттамаларды мақұлдау және тұтынушыға құжаттарын дайындауға мүмкіндік береді.
«ТЕЗИС» ТҚП АБЖ-ның тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге байланысты «Павлодар ЭТК» АҚ, «Солтүстік Қазақстан ЭТК» АҚ, «Ақмола ЭҮК» АҚ — «ОАЭК» АҚ еншілес ұйымдарында қызметкерлерді оқыту ұйымдастырылды.