«Павлодар жылу желілері» ЖШС Павлодар және Екібастұз қалаларында жалпыүйлік жылу энергиясы есеп құралдарын орнатуда. Облыс орталығында мұндай құралдармен 403 үй жабдықталса, Екібастұзда олардың саны – 111.

ТКШ дамыту қоры, «Авентис Групп» ЖШС және «Павлодар жылу желілері» ЖШС арасындағы қаржылық лизинг шарты аясында 2016-2017 жылдары есеп құралдарын Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы құрал орнатылмаған барлық көпқабатты тұрғынүйлерге орнату жоспарланған. «Авентис Групп» ЖШС есебінше, бүгінгі таңда Павлодарда 80 есеп құралы орнатылса, екібастұзда олардың саны – 72.