Қайдан жұмыс тапсам болады? Бұл сұрақ көптеген түлекті мазалайды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлері түлектер мен соңғы курста оқитын студенттермен кездесу ұйымдастырып, таңдау жасауға көмектеседі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің елімізде қосарлы оқыту жүйесін ендіру жайлы саясатты жүзеге асыру шеңберінде 2015 жылдың қараша айында біз Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетімен, Солтүстік-Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжімен, Петропавл теміржол көлігі колледжімен келісімге қол қойдық. Онда энергетика саласында оқитын 3–4 курс студенттерін компанияда жасалып жатқан шараларға қатыстыру жайлы шарттар қарастырылған» - дейді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Нелли Ким. «Бұның ішіне ақылы кәсіби тәжірибеден өту, демалыс кезінде уақытша жұмысқа тұрғызу, және атаулы корпоративтік шәкіртақыға ие болу кіреді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша осындай шараларға 32 студент қатысқан».
Ақылы оқу демалысы, жарты жылға дейінгі оқу төлеміне пайызсыз көмек қарыз, Петропавлдан тысқары оқушылар үшін оқу орнына бару және келу жол шығынын көтеру — бұл жоғары оқу орнында оқуын жалғастыра отырып, Компанияда еңбек жолын бастағысы келетіндер үшін «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ға тиесілі кәсіпорындарында жасалып жатқан артықшылықтар.
«Кәсіпорынға келгенде, — деп жалғайды сөзін Нелли Ким, — жас маман тәжірибелі тәлімгердің қолына түседі. Ол оған Компанияда бейімделуге көмектеседі. Осы жерде жұмыс істеп жүргенде-ақ қызметкер дәрежесін көтере алады. Бұдан өзге, Компанияға келе салып, жас жігіт немесе қыз қызметтік тұрғын үйге кезекке тұра алады, сонымен қатар оларға Қазақстан Республикасының еңбек қатынасы саласындағы заңнамасымен қарастырылған әлеуметтік жәрдемақыға үміткер бола алады».
Жас мамандарды тарту бойынша жұмыс жыл бойы жалғасын табады, алайда жазда сұраныс арта түседі, себебі дәл осы уақытта студенттер «әр қарай не істеймін?» деп бас қатырады. Биыл Солтүстік-Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің өзінен «Ауылшаруашылық өндірісін электрификациялау» мамандығы бойынша 24 түлек аяқтады».
Түлектердің «Солтүстік-Қазақстан ЭТК» өкілдерімен кездесуі еңбек жолын қайдан бастарын білмей жүрген жастарға дәл осы компанияға келуге ойландырып қойды.
«Кәсіпорынымызда сіздердің мамандықтарыңызға сұраныс жоғары, сондықтан сіздерді әріптестікке шақырамыз», — деді «Солтүстік-Қазақстан ЭТК» бас инженері Виталий Фесько.