Астанада ЭКСПО-2017 аясында General Electric компаниясының ұйымдастыруымен «Transforming the Energy Ecosystem» конференциясы өтті. Пікірталасқа өңірдің ірі энергетикалық компанияларының басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен жетекші мамандар қатысты.
Конференцияға қатысушылар Қазақстанның энергетикалық саласындағы маңызды мәселелер, оның ішінде қолданыстағы активтерді жаңарту, жаңғырмалы энергия көздерінің (ЖЭК) даму келешегі, Орталық Азия беделі мен тиімділігін әлемдік энергетикалық нарықта нығайту мүмкіндіктері талқыланды.
ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев атап өткендей, еліміздің энергетикасын трансформациялайтын уақыт жетті, және сандық технологиялар саланы индустриалды тиімділіктің жаңа деңгейіне көтеруді қамтамасыз ете алады.
Конференция аясында «Экологиялық таза энергетика» тақырыбы бойынша пікірталас өтті. Пікірталасқа ҚР энергетика министрлігінің, «ОАЭК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар Қазақстандағы электрстанциялардың зиянды қалдықтарын азайтуға қажетті көмір өндіру мәселелерін, көмірге экологиялық таза балама бола алатын газ өндірісіне көшу мүмкіндіктерін, сонымен қатар ЖЭК нарығын дамыту келешегі мен өңір энергетикасындағы жаңа жобаларға инвесторларды тарту мәселелерін талқылады.