Алматыда ТМД Электроэнергетикалық кеңесінің 48-отырысы өтіп, оған Кеңеске мүше елдердің энергетикалық ведомство жетекшілері қатысты.
Отырысты ТМД Электроэнергетикалық Кеңесінің Президенті, Ресей Федерациясы Энергетика министрі А.В.Новак ашса, алғысөзді Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Б.М.Жақсалиев сөйледі. ТМД Электроэнергетикалық Кеңесінің 48-отырысына Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикаларының электроэнергетика басқармалары органдарының өкілдері қатысты.
Отырысқа, сондай-ақ, салалық ғылыми-зерттеу, ақпараттық-сараптамалық құрылымдар, сонымен бірге, энергетикалық компаниялар, оның ішінде «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Президенті Е.А.Әмірханов та қатысты.