2015 жылы «АЭҮК» АҚ-нда инвестициялық бағдарлама аясында жобаларды жүзеге асыру жалғасуда. Жаңа қондырғының жоғары пайдалану сенімділігі мен ұзақмерзімді жарамдылығы нысандардың апатсыз жұмысы мен тұтынушыларға электр энергиясын үздіксіз жеткізуін қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Аршалы ауданындағы 110/35/10 кВ «Новоалександровка» шағын станциясын қайта құру жұмыстары жүргізілуде, мұнда ескі май типті МКП-110 кВ қосқыштың орнына элегазды Alstom қосқышы орнатылып, пайдаланылуда. Сондай-ақ, КРУН-10 кВ блокты-моульді ғимараты салынып, 10 кВ ұяшықтарының іргетасы монтаждалуда. «Біз май типті МКП-110 кВ қосқыштарын элегазды Alstom қосқыштарына және Аршалы ауданы орталығында 110/35/10 кВ «Вишневка» шағын станциясына ауыстыруды жоспарлап отырмыз, жұмыстар қыркүйек айының басына жоспарланған», – деп атап өтті Николай ЛАМОНОВ, Ақмола АЭЖ бас инженері.
Астананың солтүстік бөлігінде орналасқан нысандардың үштен бірін электр энергиясымен қамтитын 110/10 кВ «Астана» шағын станциясын қайта құру бойынша Ақмола АЭЖ атқарған жмыстарды да атап өткен маңызды.
Бұдан да өзге жобаларды жүзеге асыру жалғасуда, атап айтқанда, ЛЭП-110 кВ бойынша. Жылдық графикке сәйкес, қыркүйек және қазан айларына ЭЖ-110 кВ «Воздвиженка–Акмолинская» және «Акмолинская–Сабунды» әуе желісінде 60 км трос ауыстырылды. Астрахан және Целиноград аудандарында ЛЭП 10/0,4 кВ және КТП-10/0,4 кВ қайта құру жұмыстары аяқталуға жақын. Инвестициялық бағдарлама бойынша ауыстырылуы тиіс 2450 тіректің 1500-і ауыстырылып үлгерді. Сондай-ақ, Астрахан ауданы, Каменка ауылында СВ-110 120 тірегі мен 7,1 км желісі монтаждалды. Целиноград ауданының екі қыстағы – Қабанбай батыр мен Талапкерде 1400 дана СВ-110 және СВ-95 тіректері монтаждалды. Қазір мұнда өздігінен оқшаулаушы сымды монтаждау жұмыстары жүргізілуде, барлығы 44 км желіні ауыстыру қажет. Қазіргі таңда 25 км желі монтаждалған. Сондай-ақ, қыстақта сегіз КТПГ-10/0,4 кВ қайта құру жоспарланған.