«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО энергетиктері 2016 жылы №5 турбоагрегатты пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Жылу-электр орталығының белгіленген электр қуаты 479-дан 541 МВт-қа артады.
1969-1970 жылдары Петропавл 2-ЖЭО-ның белгіленген электр қуаты ең жоғары көрсеткіш – 470 МВт-қа жеткен болатын. Кейін қуат 405 МВт-қа төмендеп, ал өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап қаланың жылуды тұтыну көлемінің артуы есебінен 380 МВт-қа азайды. 1974 жылы станция электр энергиясы бойынша рекордты 3,1 млрд кВт/с көркеткішке қол жеткізді. 2016 жылы энергетиктер бұл жетістікті одан ары жақсартуды жоспарлап отыр. Оған №5 турбоагрегатты толық ауыстырып, пайдалануға беру негіз болмақ.
«Қазіргі таңда ескі іргетас толық монтаждалып бітті, жаңасы да дайын деуге болады. Жаңа турбинаны іске қосу 2016 жылдың қарашасына жоспарланған. Белгіленген жылу қуаты 62 МВт-қа артып, 541 МВт-қа жетеді. №5 жаңа турбоагрегаттың пайдалы әсер коэффициенті 11,2%-ға жоғарылап, турбиналар бойынша жалпы тозу үлесі 9,82%-ға төмендеп, 44,44%-ды құрайды. Бұдан бөлек, жаңа турбинаны іске қосқан соң, қосымша электр энергиясының өндірісі айына орта есеппен 52 080 кВт/с құрап, көмір үнемділігі жылына 3 838 тоннаны құрайды», – деп атап өтті «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО бас инженері Радий Айтикеев.
Чехиялық «Шкода» фирмасының демонтаждалған Р-33-90/1,2 турбоагрегаты Екатеринбург қаласындағы Орал турбиналық зауытында әзірленген №5 Т-95/105-8,8 турбоагрегатына ауыстырылады.