2016 жылы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО-ның қуаты, қазіргі таңда монтаждау жұмысы жүріп жатқан №5 жаңа турбоагрегатты пайдалануға берген соң, тағы арта түспек. Станциядағы жобалардың жүзеге асу барысы туралы энергетиктер мемлекеттік органдар, Петропавл қаласының БАҚ пен қоғам өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған баспасөз туры барысында баяндап берді.
Жылу-электр орталығы қондырғыларын жаңғырту мен қайта құру туралы «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл 2-ЖЭО директоры Виктор Бармин әңгімеледі. Қазандық цехта делегация таяуда іске қосылуы тиіс №12 қазандық агрегат жұмысымен танысты. Бұл – жаңғырту жұмыстары жүргізілген төртінші қазандық агрегат. Ол іске қосылғаннан кейін ЖЭО қуаты сағатына 50 тоннаға жетеді. Жоба құны – 3,9 млрд теңге. Бұған дейін станцияда №6 және №7 қазандық агрегаттар қайта құрылса, №8 қазандық агрегат толықтай ауыстырылды. Энергетиктер атап өткендей, барлық нысандар жаңғырту жұмыстарынан соң автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған.