«Парыз-2017» республикалық байқауында «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша екінші орын алды.
«СЕВКАЗЭНЕРГО»АҚ– өңірдің ірі энергетикалық компаниясы. Жылдан жылға өндірістік көрсеткіштерін арттыра отырып, энергетиктер солтүстікқазақстандықтар алдында әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытпайды: әлеуметтік саясатты жүзеге асыру компанияны еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді, бұған қоса Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының дамуына елеулі үлес қосуына мүмкіндік береді.
«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорын қызметкерлерін қауіпсіз еңбек шарттарымен, әлеуметтік жеңілдіктер және материалдық/материалдық емес тәсілдермен еңбектерін лайықты бағалаумен қамтамасыз ете отыра, адамзат қорын сақтауға, көбейтуге және дамытуға тырысады.
Компанияның соңғы жылдардағы басты жетістіктері: Петропавлдың Жұмысшылар қалашығында 320 орынға корпоративтік балабақшаның ашылуы, корпоративтік жатақхананың ашылуы, компанияға студенттерді тарту және қолдау бойынша бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асыру. Сонымен қатар, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өз қызметкерлеріне толықтай әлеуметтік топтама, коллективтік келісімге сай қызметкерлерге материалдық көмек ұсынады, және де қызметкерлерді оқыту мен дамытуға, салауатты өмір салтын қолдауға қаражат бөледі.
Компания әрі қарай да әлеуметтік саясат жүйесін жетілдіруді көздейді. Болашақта «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ қызметкерлеріне көппәтерлі тұрғын үй кешенін тұрғызу жоспарлануда.