«ОАЭК» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшелері 2017 жылдың тамызында Корпорацияның өңірлердегі өндіруші нысандарға барып қайтты. Сапар шеңберінде делегация Инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысты.
«ОАЭК» АҚ өндіруші активтері 2009-2016 жылдар қорытындысы бойынша 54,9%-ға жаңарды. Бұл Қазақстан бойынша жоғары көрсеткіш саналады. «ОАЭК» АҚ Директорлар Кеңесі станцияларды жаңалауды қамтамасыз етіп қана қоймай, өндірістің экологиялық параметрлерін жетілдіретін жобалардың іске асуын мұқият бақылауда ұстайды. Осы орайда күл шығарылу 2009 жылдан бері 72%-ға азайғанын айта кету керек.
Директорлар Кеңесі Павлодардағы сапарды Корпорацияның ең ірі энерго өндіруші активі болып табылатын Павлодар 3-ЖЭО-тан бастады. Станцияның орнатылған электр қуаты 540 МВт-ға тең. 3-ЖЭО — Қазақстандағы ең заманауи станциялардың бірі: 2009 жылдан бері оның өндіруші жабдықтары 70,4%-ға жаңарған. Қазіргі таңда станцияда № 6 турбинаны қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Станцияны жаңалау 2020 жылға дейін жалғасады.
Делегация келесі кезекте «Промышленная» подстанциясына барды. Мұнда 110 кВ-ға ашық тарату жабдығы қайта қалпына келтіріліп жатыр және 220 кВ-ға ашық тарату жабдығының құрылысы аяқталып қалды. Жобаның мақсаты — Павлодар энерготораптың сенімділігін арттырып, Қазақстанның Бірыңғай энергожүйесімен байланысты күшейту.
Сонымен қатар Павлодарда Директорлар Кеңесінің мүшелері технологиялық процестерді автоматтандыру, жалпы станциялық жабдықтардың жұмыс сенімділігін күшейту, АТ-саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану кіретін инвестициялық жобалар бойынша жұмыстармен танысты. Оның ішінде, 2015 жылдан жұмыс істеп келетін Мәліметтерді өңдеу орталығына аса назар аударды.
Петропавлда Директорлар Кеңесінің мүшелері Петропавл 2-ЖЭО-ға барып қайтты. Орнатылған электр қуаты мұнда 541 МВт. 2009 жылдан бері станцияның жабдықтары 49,7%-ға жаңарды. Өткен жылы 2-ЖЭО-да жаңа № 5 турбоагрегат іске қосылды және № 12 қазанагрегат қайта қалпына келтірілді. Қазіргі таңда мұнда 110 кВ-ға ашық тарату жабдығын жаңарту, № 2 турбоагрегатты жаңарту және станцияның жұмыс сенімділігін арттыруға бағытталған басқа да жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«ОАЭК» АҚ өндіріс нысандарына сапар кезінде электр- және жылуэнергиясын өндіру көлемінің артуы Инвестициялық бағдарламалардың шеңберіндегі жобаларды іске асырудың арқасында мүмкін болғаны аталып өтті. Жаңарту өнідіріс активтерінің энерготиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.