2016 жылғы 21 маусымда Павлодарда ардагер энергетиктердің VIII республикалық форумы өтіп, оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстанның жүзден аса кәсіби мамандары жиналды. Форум «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қолдауымен Қазақстан Электроэнергетикалық Қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Әрбір мұндай шара аясында саланың бүгінгі дамуы туралы пікірлер айтылып, оның өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланады. Павлодардағы басқосуда форум қатысушылары бірқатар қызмет түрін Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінен алып, Энергетика министрлігіне беру туралы ұсыныстарын білдірді. Мәселен, шикізат, материалдар және техникалық шығындар, сондай-ақ ағымдағы және күрделі жөндеулер шығындарының жылдық сметасы. Сонымен қатар, ардагерлер тариф қалыптастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттігіне көңіл бөлді.