«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ инвестициялық бағдарламасының аясында жүзеге асып жатқан ірі көлемді жұмыс Павлодар 3-ЖЭО, 2-ЖЭО мен Екібастұз ЖЭО күл үйінділерінің сапалы жұмысының кепілі бола алады.
2016 жылы Павлодар 3-ЖЭО-нің екінші кезекті күл үйіндісінің жөндеу жұмысы аяқталды. Аяқталған жұмыстардың ішіне подъездік жолдарды жабдықтау, жарықтандыру, мониторинг жүргізу үшін бақылаушы скважиналарды бұрғылау, су сіңдіру насос станцияларының жөндеу-әрлеу жұмыстары, тұнған су насос станцияларын электр- және технологиялық жабдықтармен алмастырумен қайта қалпына келтіру, босату павильондарында жөндеу жұмыстарын бастау кіреді.
Сонымен қатар өткен жылы Тұз өзенінің арнасындағы Екібастұз ЖЭО күл үйіндісінің екінші секциясының құрылысы бойынша, Павлодар 2-ЖЭО екінші кезекті күл үйіндісінің құрылысы бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстары жалғасты және 3-ЖЭО екінші кезекті күл үйіндісінің бөгеттерін ұзарту жұмыстары басталды. Бұл күл үйіндісінің жинақтаушы қуаттылығын арттыруға қажет. Жаңа күл үйінділердің құрылысы кезінде қоршаған ортаға ықпалын азайту үшін заманауи технологиялар пайдаланылады.
2017 жылы Екібастұз ЖЭО-ның Тұз өзенінің арнасындағы № 2 секциясының құрылыс жұмыстарын жасау (босату павильонының құрылысы, патрульдік автожол, жобаланған жылжымалы бөгет құрылысы; магистральді және күл-қоқыс сымдарын таратушы жөндеу-әрлеу жұмыстары).
2-ЖЭО екінші кезекті күл үйіндісінің құрылысы аяқталған соң № 3 босату павильоны тұрғызылады.
3-ЖЭО екінші кезекті күл үйіндісінің бөгеттерін ұзарту жұмыстары жалғасып жатыр. Оның ішіне солтүстік-батыс бөгетін тұрғызу, бөгеттің солтүстік және батыс жағымен таратуға күл-қоқыс сымдарының жөндеу-әрлеу жұмыстары, шахталық құдықтарды ұзарту, бөгеттің солтүстік және батыс жақтарының құламаларына геомембрананы төсеу.
Сонымен қатар жалпы ауданы 195 га 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-да үшінші кезекті күл үйіндісінің құрылысы бойынша карьер жасап шығару жоспарланған.