Кадрлық саясат

Компания кадрларды іріктеуді жақсартуға, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, бастама көтеруге дайын қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан өсуіне мүмкіндіктер жасауға бағытталған кадрлық саясатты нығайту жөніндегі ауқымды жұмыстарды жүргізуде. 

Компанияның кадрлық саясаты төмендегідей принциптерге негізделеді:

  1. Бос лауазымдардың орнына конкурстық негізбен қызметкерлерді іріктеу үрдісінің ашықтығы; 
  2. Кәсіби міндеттердің құндылығы, маманды кәсіби тұрғыдан даярлауға көп көңіл бөлінеді; 
  3. Қызметкерді дамытуға, соның ішінде білімін дамытуға, жеке тұлға ретінде, кәсіби тұрғыдан дамытуға бағдарлану. 
  4. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. 

Қызметкерлерді оқыту және дамыту 

Компанияда басшылардың, мамандардың және жұмысшылардың біліктілігін арттыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. «ОАЭК» АҚ-ның корпоративтік оқыту жүйесінің негізгі міндеттері мыналар: 

  • Компанияның қызметкерлерін профильдік даярлықтан, қайта даярлаудан өткізу және біліктілігін арттыру;  
  • Компания қызметкерлерінің маңызды кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту; 
  • Компанияның қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында оқу орындарымен өзара әрекет ету жұмыстарын ұйымдастыру; 
  • Компания қызметкерлерінің машықтануын ұйымдастыру және жоспарлау. 

Компания қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру үшін олардың орташа айлығының 100%-ы мөлшерінде оқу демалыстарының ақысын төлеу, оқу орны облыс орталықтарынан тыс жерлерде орналасқан болса, екі бағыттағы жол ақысын өтеу тәжірибесі қолданылады. Сондай-ақ Компанияның қызметкерлері оқудың ақысын төлеуге пайызсыз ссуда алу мүмкіндігіне ие. 

Мансап 

Компанияның кәсіпорындарында кадрлық резервті қалыптастыру жүргізіледі. Үміткерлерді іріктеген кезде ықтимал қызметкерлердің келесі қасиеттері ескеріледі: үміткерлердің кәсіби және жалпы білім даярлығының деңгейі, олардың ұйымдастырушылық және аналитикалық қабілеттері, жұмыстың нәтижелеріне деген жауапкершілік сезімі, мақсатқа ұмтылу қабілеті.  

Күрделі өндірістік міндеттерді және басқару жөніндегі міндеттерді шешуге қабілетті кадрлар резервін қалыптастыру мақсатында Команияда кәсіпорындардың еңбек ұжымымен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады.