2015 жылы «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» қызметкерлерді дамыту концепциясы аясында «ОАЭК» АҚ және Холдинг құрамына кіретін кәсіпорындар тобының топ-менеджерлері мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асыруда.
Жарты жыл ішінде Холдинг кәсіпорындарының топ-менеджерлері, сондай-ақ, жоғарғы және орта басқару органдарының басшылары «Практикалық менеджмент және тиімді басқару тәсілдері» және «Адам ресурстарын басқару» тақырыптары бойынша тренингтерге қатысады. Жобаның басты мақсаты – басшылық құрамның басқарушылық біліктілігін, кәсібилігін арттыру және корпорация алдында тұрған бірқатар міндеттерді жүзеге асыруға жәрдемдесетін білім жинау болып табылады.
«ОАЭК» АҚ Қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Наталья Константинованың айтуынша, Компания қызметкерлердің кәсіби дамуының тиімді жүйесін жолға қойып келеді. «Әлемдік үздік тәжірибелерге сүйене отырып, біз оқытуды бірнеше кезеңде жүргіземіз. Үстіміздегі жылы семинар мен тренингтерге топ-менеджерлер мен бірқатар желілік басшылар қатысады. Оқыту шараларынан 300-ге жуық адам өтеді. Тренингтердің жалпы тақырыбына қарамастан, тиімді басқару бағдарламасы тыңдаушылардың әрбір тобының қажеттіліктері мен кәсіпорынның басқару құрылымындағы басқарушылардың деңгейлеріне сәйкестеліп жасалған», – дейді Наталья Константинова. 2016 жылы Компания оқыту бағдарламасын жалғастырып, 2015 жылғы топқа енбей қалған желілік басшыларға, сондай-ақ, холдинг кәсіпорындарының шеберлеріне арнап тренингтер өткізеді. Айта кету керек, шеберлердің әрбір тобына, олардың шебер қызметіндегі тәжірибесі ескеріле отырып, яғни, 1 жыл және одан көп тәжірибесі барларға есептеліп өзіндік оқыту бағдарламасы жасалады.
Компанияда қызметкерлерді кәсіби дамытуға қай уақытта да жоғары көңіл бөлініп келеді. Жыл сайын Холдинг кәсіпорындарында бірнеше мың адам міндетті және нормативті оқытудан, сондай-ақ, басқарушылық және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатындағы оқыту шараларынан өтеді.